«Едіге батыр» » Гимназия №24
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №24»
отдела образования по городу Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 54-00-37
Бухгалтерия
+7(7262) 54-00-37
Версия для
слабовидящих
» » «Едіге батыр»
30
сентябрь
2021

«Едіге батыр»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, тағылымға толы сайысты қайта жариялаған болатын.⠀Осыған орай мектеп оқушылары арасында «Тұлпар мініп ту алған»: «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтетіні жөнінде  хабардар етілген. Аталмыш ісшара қарсаңында Тараз қаласы №24 гимназияда гимназия директорының басшылығымен 5-11 сынып білім алушылары арасында мектепішілік«Тұлпар мініп ту алған»: «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан байқау ұйымдастырылып, сентябрь айында өз мақсатында, жоғарғы дәрежеде өткізілді.    Қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айта отырып, қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріре білді. Байқауда ерекше белсенділік танытқан оқушылар, яғни атап айтатын болсақ, 5-сынып оқушылары: орыс ұлтының өкілі Галахов Тимур, орыс ұлтының өкілі Голубовская Альбина, грек ұлтының өкілі Герантиди Ставрос, өзбек ұлтының өкілі Наби Имран. Аталған оқушылар байқауда белсенділік танытып, «Едіге» батыр жырын жатқа, әрі мәнеріне келтіріп айта білгендіктен ерекше марапатты иеленді.