«Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі» » Гимназия №24
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №24»
отдела образования по городу Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 54-00-37
Бухгалтерия
+7(7262) 54-00-37
Версия для
слабовидящих
» » «Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі»
01
сәуір
2021

«Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі»

«Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі» дәрісінің есебі
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
 Ыбырай Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.Әр шығармасы өнеге мен тәлім-тәрбие тұнып тұр.Сол тәлім-тәрбиені дәріс оқи отырып оқушылардың зейініне жол салу.  Үстіміздегі жылдың сәуір     айында  ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай өткізілген іс-шараның бірі - «Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі» дәрісі.Дәріс 6-сыптарға бағытталған. Дәрісті тыңдатудағы мақсатымыз ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері-тәрбиенің қайнар көзі екеніне көз жеткізу. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке,еңбекқорлыққатәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Оқушыларды талаптылыққа,білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу. Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары тек тәрбиеге байланысты екенен,шығармадан үзінді келтіріп, дәлелдеп көрсетілді.
Осындай танымдық дәрістер мен дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастыру арқылы алдағы ғасырдың азаматтарын өнегелі ету әр ұстаздың мамандығының алдындағы борышы.