«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Бүгінгі күні мектептегі тамақтанудың сапасы мен қол жетімділігін арттыру, білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұлғайту мәселелері ерекше өзекті. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Сондықтан да «Тараз қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің №24 гимназиясы» управления образования акимата Жамбылской области әкімшілігі мектеп оқушыларының денсаулығы мәселелеріне көп көңіл бөледі. Оқушылардың дұрыс тамақтануын дағдыландыру бойынша жұмыс гимназияның педагогикалық ұжымы қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Тараз қаласы әкімдігінің 2.09.2019 жылғы №1247 «Ыстық тамақты ұйымдастыру» туралы Бұйрығын басшылыққа ала отырып, асханада ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылды. Асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі жүктелген гимназия қызметкері бұйрықпен тағайындалды және нормативтік құжаттардың жүргізілуі, күнделікті оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы , қоңырау кезінде оқушылардың асханада тамақ ішу кестесі және мектеп мұғалімдерінің кезекшілігі құрылған және барлық жұмыстар оқу ісі меңгерушісі тарапынан қадағалануда.
Гимназияда 1-5, 6г,в,б сынып және 7-д сынып оқушыларына ыстық тамақ беріледі. Күн сайын асханада 650 адам тамақтанады, балаларды ыстық тамақпен қамту 70%. Жалпы білім беру қоры есебінен 16 оқушы тамақтанады. Барлығы-қамқорлықтағы, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан.
Асханадағы бөлмелер мен құрал жабдықтардың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын, мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышын ұйымдастыру, ата-ана үшін «Бақылау асын қою», қолданып жүрген заңдылықтарға сәйкес сапалы әрі қауіпсіз азықтармен асхананың қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтан улануының алдын алу мақсатында асханада пастерленбеген сүтті, газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақты (гамбургерлер,хот-дог, фаст-фуд тағамдары, чипси, кириешки, қуырылған жұмыртқа,бәліш) құрамында гинетикалық түрлендірілген индегредиенттері бар өнімдерді қолдануға тиым салынуын мектеп медбикесі А.Г. Балғожаева қадағалап отырады. Дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша медицина қызметкері, сынып жетекшілері дұрыс тамақтану және тамақтану тәртібі бойынша ұсыныстар берілетін сыныптар бойынша әңгімелер өткізеді. Ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары кітабы бар.
Осылайша оқушылардың денсаулығын сақтау, салауатты тамақтану дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда.
№24 гимназия директорының оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Б. Баятова