Абаевские чтения » Гимназия №24
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №24»
отдела образования по городу Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 54-00-37
Бухгалтерия
+7(7262) 54-00-37
Версия для
слабовидящих
» » Абаевские чтения
04
май
2018

Абаевские чтения

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»атты мұғалімдер арасындағы мәнерлеп оқу сайысы.

Көпадамдүниеге бой алдырған,

Бой алдырыпаяғынкөпшалдырған.

Өлдідеугесыямаойлаңдаршы,

Өлмейтұғынартынасөзқалдырған,-дептөрелігінөзішешкен Абай бүгінжарқынбейнесімен де ,жалынды жырымен де бізбенбірге.Қазақтыңұлттықфилософиясыныңнегізінсалушы, жаратылыстыңқұпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманныңсырынатереңбойлағанкемеңгеройшыл,данышпанақынтарихи тұлға- Абай Құнанбаев.

Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын,ойшыл, дана ғұламаларының бірі,қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»атты көркемсөз оқу шеберлерінің кезекті байқауы болып өтті.Абай өлеңдерінің мәнерлеп оқу сайысы барысында пән мұғалімдер арасынан кіл мықтылар өз өнерлерін ортаға салды. Өтілген мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті.

Сайысты өткізудегі басты мақсатымыз,Абайдың өлеңдерін терең меңгерту,тәрбиелік мәнін түсіндіру,сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру. Халық даналығы ,халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық,оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Байқауға мұғалімдер ғана емес сондай-ақ,қалалық байқаудан жүлделі орын алып келген жеңімпаздар да қатысты.Атап айтсақ, ХІХ қалалық «Абай оқулары»байқауында «Әнді сүйсең менше сүй»номинациясы бойынша І орынды иеленген Коваль Валерия «Көзімнің қарасы»әнімен елдерді тамсандырды.Сондай-ақ ХІХ қалалық «Абай оқулары»байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»яғни арнау өлеңімен ІІ орынды иеленген Исамухамедова Фатимаөз өлеңін паш етті.

Сонымен қатар ХІХ қалалық «Абай оқулары»байқауында мәнерлеп оқуымен ІІ орынды иеленген Турабекова Индира өз мәнерімен елді тәнті етті.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар « Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал осы байқауға қатысқан мұғалімдер Ұлы ғұлама тереңінен тек дәм татқан сияқты. Сол себептен Абайды оқудан , білуге ұмтылудан , ізденуден жалықпайық,әрі қарай дамытайық.

Сөз кезегін алған мектеп диреторы Гладченко Марина Васильевна былай деді: «Біз ұлы Абай мұрасын ұмытпаймыз.Қай өлеңін алсаңда ол бізге тәрбие,таусылмас рухани азық,біз Абайдың өлеңдерін осындай сайыстар арқылы дәріптеуіміз керек»-деді. Абай өлеңін мәнерлеп,нақышына келтіріп айтқан,киімдерінде ұлттық элементтің болуына назар аударғанәділқазылар алқасы сайыскерлерді алған орындарын жариялап,бағалы сыйлықтармен ,алғыс хаттармен марапаттады.Енді орындарға кезек берсек,Бас жүлдені денешынықтыру пәнінің мұғалімі Воронько Дмитрий Сергейұлы иеленді.І орын иегері тарих пәнінің мұғалімі Белоус Екатерина менбастауыш сыныптың мұғалімі Михайлюк Алена Андрейқызы бөлісті.

ІІ орын иегері Елшибекова Татьяна Анатолиқызын «Өлсем орным қара жер сыз болмайма» өлеңімен жеңісті ұтып алды.ІІІ орын иегері математика пәнінің мұғалімі Титовец Андрей Виктрұлы «Қыс» өлеңімен сайысқа түсті.Жеңістеріңіз құтты болсын!Осындай байқаулар көп болсын!

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения

 

Абаевские чтения