«Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылы» » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылы»
24
қыркүйек
2025

«Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылы»

2025 жылғы 23 қыркүйекте 24 гимназияда «Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылы» тақырыбында мектепішілік бірыңғай сейсможаттығу екі ауысымда сәтті ұйымдастырылды. Жаттығу ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы №494 бұйрығына сәйкес өтті.
🕘 І ауысым: сағат 10:00
🕒 ІІ ауысым: сағат 16:05
Дабыл белгісі берілген соң оқушылар мен мектеп қызметкерлері шұғыл түрде ғимараттан қауіпсіз аймаққа эвакуацияланып, барлық әрекеттер нұсқаулыққа сай орындалды. Мұғалімдер мен қызметкерлер жоғары жауапкершілік пен ұйымшылдық көрсетті.
🔍 Жаттығу соңында жауапты басшы шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, мұндай дайындықтар балалар мен ұжымның төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін арттыратынын айтты.
🛡️ Қауіпсіздік — баршаға ортақ міндет!



Похожие публикации: