14
наурыз
2023
14-наурыз күні Тараз қаласы №24-гимназиясында «14-наурыз – Көрісу күні» мерекесі аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан қалған құндылықтарымызды насихаттау, жас ұрпақты татулық пен мейірімге баулу. Бұл күнді «Амал мерекесі»
14-наурыз күні Тараз қаласы №24-гимназиясында «14-наурыз – Көрісу күні» мерекесі аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан қалған құндылықтарымызды насихаттау, жас ұрпақты татулық пен мейірімге баулу.
Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Халқымыз қыстан аман-есен шыққанына, көктемге жетіп, туған-туыс, көршілермен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.
Осыған орай гимназиямызда Наурыз мейрамына арнайы бұрыш ашылып, қазақтың салт-дәстүрлері дәріптелді. Ұстаздар мен білім алушылар назарына «Көрісу» рәсімі мен қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Бұл шараға гимназияның «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігі және білімалушылар атсалысты.
[media=https://youtube.com/shorts/zB9EJY8APUM?feature=share]