22
қазан
2022
17-22.10.2022ж аралығында №24 гимназияда 25 қазан – Республика күніне орай
17-22.10.2022ж аралығында №24 гимназияда 25 қазан – Республика күніне орай «Қазақстан туған жерім, туған елім!» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары, 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант, 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өтті.Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін «Қыран елім - Қазақстаным» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, ұлттық мереке мәртебесінде қайта жаңғырған Республика күнінің маңыздылығы аталып өтті. Онда белсенді және үздік оқушылар мараппаталды.










