ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА » Гимназия №24
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №24»
отдела образования по городу Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 54-00-37
Бухгалтерия
+7(7262) 54-00-37
Версия для
слабовидящих
» » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА
23
май
2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА 
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Хорошийлықұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Лучший 100 мектеп» рейтингіне енген аймақтағы 5 мектептің директорларына салтанатты түрде марапаттар табыстады.
Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтаған болатын. Нәтижесінде, Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, №24 гимназия және Қордай ауданы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы үздік білім мекемелері атанды. 
Салтанатты рәсім барысында Серік Хорошийлықұлы үздік мектептердің білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстары, ұжымдардың табандылығы мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.   
Лучший мектептердің директорларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы «Лучший мектеп – 2025» сертификаттары мен гүл шоқтары табысталды. Бұл – облыс мектептерінің республика деңгейінде танылып, білім беру кеңістігінде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқанының айқын дәлелі.




Похожие публикации: