ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА
23
мамыр
2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА 
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік 100 мектеп» рейтингіне енген аймақтағы 5 мектептің директорларына салтанатты түрде марапаттар табыстады.
Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтаған болатын. Нәтижесінде, Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, №24 гимназия және Қордай ауданы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы үздік білім мекемелері атанды. 
Салтанатты рәсім барысында Серік Жақсылықұлы үздік мектептердің білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстары, ұжымдардың табандылығы мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.   
Үздік мектептердің директорларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы «Үздік мектеп – 2025» сертификаттары мен гүл шоқтары табысталды. Бұл – облыс мектептерінің республика деңгейінде танылып, білім беру кеңістігінде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқанының айқын дәлелі.




Похожие публикации: