25
мамыр
2025
№24 ГИМНАЗИЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
№24 ГИМНАЗИЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Білім мен тәрбиенің алтын ұясы –№24 гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын ерекше өтті.
Салтанатты шараның құрметті қонақтары ретінде қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков, білім бөлімінің басшысының орынбасары Гульбану Жумашбаевна Мадибекова, білім бөлімінің әдіскері Гульжан Ғаниқызы Пирназарова қатысты.
Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының туын көтеру құрметі Қазақстан жастар құрамасының волейбол командасының мүшесі, облыстық волейбол чемпионатының қола және күміс жүлдегері, 11 «А» сынып оқушысы Горедулич Анатолий мен қалалық және облыстық физика мен математика олимпиадалары мен ғылыми жобалардың жеңімпазы, Республикалық Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері, 11 «В» сынып оқушысы Пак Каринаға берілді.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков мектеп бітірушілерге жүрекжарды құттықтауын арнап, жарқын болашаққа бастаған қадамдарының ашық болуын тіледі.
Биылғы оқу жылында гимназия қабырғасынан 97 шәкірт ересек өмірге алғашқы қадамдарын жасауда. Олардың арасында — 7 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 6 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Көптеген түлектеріміз пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, сондай-ақ спорт пен өнер салаларында өздерін көрсете білді.
Жарқын болашаққа бастаған жолдарың ашық болсын, арманшыл жастар!













