01
мамыр
2025
Ербол Қарашөкеев поздравление с праздником 1 Мая
Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды мамырдың мамыражай мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – татулық пен достықтың, ынтымақ пен түсіністіктің символына айналған айрықша мереке.
Ынтымағы жарасып, ырысы артқан елімізде бүгінде ұлттар мен ұлыстар бір мақсат, бір мүдде, ортақ болашаққа ұмтылып, киелі шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
30 жылдық белесті еңсерген Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық пен тұрақтылықтың ұйытқысына айналды. Үш онжылдықта қоғамдық келісім нығайып, ұлттық бірлік пен ынтымақтастық тереңдеп, елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрды.
Бұл жетістіктер – әрбір қазақстандықтың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Ассамблея – біздің мақтанышымыз, ал оның болашағы – бірлік пен үміттерге толы!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз», – деп атап өтті.
Бүгінде ынтымағы жарасқан, татулықты ту еткен Жамбыл облысында 80-нен астам этностың өкілі бейбіт әрі берекелі ғұмыр кешіп, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді. Бұл – өңіріміздің ең асыл қазынасы.
Өңірлік Ассамблеяның, этно-мәдени бірлестіктердің бастамасымен түрлі мәдени іс-шаралар мен қайырымдылық жобалар жүзеге асырылып, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенім күн санап нығаюда.
Қадірлі жерлестер!
Ел болу үшін – бірлік, бақ қону үшін – татулық керек.
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, өскелең буын осы ұлы құндылықтарды қадірлей білсе, ел ертеңі де еңселі болары анық.
Мәні мен маңызы зор мерекеде әр шаңыраққа амандық, құт-береке, шаттық пен тату тіршілік тілеймін!
Тамыры терең, рухы биік, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі еліміздің тұғыры нық, тәуелсіздігі баянды, бірлігі бекем болғай!
______
Уважаемые жамбылцы!
От всей души поздравляю вас с Днём единства народа Казахстана!
Это особенный праздник, ставший символом мира, дружбы, солидарности и взаимопонимания.
В Казахстане, где царят мир и согласие, представители разных этносов живут в гармонии под единым шаныраком, стремясь к общей цели, общим интересам и единому будущему.
За 30 лет Ассамблея народа Казахстана стала надёжной гарантией межэтнического мира и согласия.
За эти годы укрепились общественное согласие, единство и взаимопонимание — всё это стало результатом труда и усилий каждого гражданина нашей страны.
Ассамблея народа Казахстана — наша гордость, а её будущее полно надежд!
В своём выступлении на XXXIV сессии Ассамблеи народа Казахстана Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил:
«Ассамблея выступает одной из институциональных опор нашей государственности. Поэтому и груз ответственности, возлагаемый на неё, с каждым днём растёт. Защита национальных интересов и укрепление суверенитета Казахстана — наш священный долг».
Сегодня в Жамбылской области в мире и благополучии живут представители более 80 этносов, внося значительный вклад в укрепление национального единства и общественного согласия.
По инициативе региональной Ассамблеи народа Казахстана и этнокультурных объединений реализуются различные мероприятия и благотворительные проекты.
Дорогие земляки!
Чтобы быть процветающей страной, нам необходимы единство и мир.
В этот важный и значимый праздник желаю каждой семье благополучия, достатка и счастья!
Пусть наша страна процветает,
а единство народа будет незыблемым!
