ОҚУШЫ ЖӘНЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН

Қазір электронды техниканың ғарыштап дамыған уақыты. Ай сайын смартфон, планшет дегендердің жаңа түрлері шығып жатыр. Тіпті бүгінгі таңда мектеп оқушылары ұялы телефон, смартфон, планшетсіз жүре алмайтын күйге жетіп, оқушылардың
өміріне толығымен кіріді.

Әрине, ең алдымен, ұялы телефон қауіпсіздік үшін қажет, себебі ата-аналар әрқашан балаларына хабарласып, қайда екенін және қашан үйге келетінін білу керек болады. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынастың маңызды желісі болып табылады.

Бірақ смартфондар көбінесе балалардың ойын бөліп, сабақ оқуына кедергі жасайды. Оқушылар телефондарын партаның астына тығып, мұғалім көргенше әлеуметтік желілерде сөйлесіп немесе ойын ойнап отыратын жағдайлар орын алатыны жасырын емес.

Бұл күрделі мәселені қалай шештік?...

Биылғы оқу жылының басынан N24 гимназияда қамқоршылық кеңестің , ата- аналардың келісімімен әр сыныпта оқушылар үшін ұялы телефон қоятын жәшіктер орнатылды. Бүгінгі күні гимназиямызда бірде-бір оқушы ұялы телефон ұстап жүрмейді және сабақ уақытында алаңдамай толыққанды білім алуына мүмкіндік пайда болды.

Уақыт өте келе үлкен үзіліс кезінде оқушылардың шахмат, тоғызқұмалақ, тағы да басқа үстел ойындарын ойнап отыратыны , кейбір оқушылардың қызықты кітап оқуы, уақытты тиімді пайдалана бастауы- бізді сүйсінтпей қоймайды.
Біздің ұсынысымызды толықтай қолдаған гимназия ата-аналарына алғысымыз шексіз.
ШКОЛА И МОБИЛЬНЫЙ ТЕЛЕФОН

Современное общество интенсивно развивается в условиях технологического прогресса. Гаджеты стали частью повседневной жизни не только взрослых, но и детей различного возраста.

Практически у каждого современного школьника есть смартфон. С помощью него он общается, находится на связи с родителями и просто проводит с гаджетом свободное время.

Однако, случается так, что подростки злоупотребляют имеющимися возможностями и роль мобильного телефона в жизни школьника становится несколько больше, чем просто способ оставаться на связи с родителями.

И как же мы решили данную проблему?
С этого учебного года решением Попечительского совета и с согласия родителей в гимназии N24 в каждом учебном кабинете установили ящики для хранения сотовых телефонов. У детей появилась возможность получать качественное образование, не отвлекаясь на гаджет.
Прошло немного времени, и дети стали использовать время рационально и с пользой.

Мы благодарны родителям нашей гимназии за поддержку наших идей и предложений.


